Арзанбай Қужанов (1950 жылы 6 сәуірде, Гурьев облысы Маңғыстау ауданының Таушық кентінде туған) — еңбек қайраткері.

Жеке өмірі Ұлты - Қазақ. Қазақ және орыс тілдерін біледі. КОКП мүшесі (1981-1991).

Әкесі - Қужанов Жолмағанбет, марқұм. Анасы - Қужанова Қаншайым, марқұм. Үйленген. Жұбайы - Мәуленбаева Күлсін (1950 ж. т.), зейнеткер. Қызы - Қужанова Қарлығаш Арзанбайқызы (1984); ұлы - Қужанов Серік Арзанбайұлы (1986).

Өмірбаяны Нүкіс автожол техникумының «Автокөлік пайдалану» факультетін бітірген (1983). 1967 жылдан - «Қазақстанмұнай» бірлестігі бұрғылау жұмыстары тресінің Өзен геологиялық барлау экспедициясында электриктің шәкірті. 1967 жылдың желтоқсан айынан - «Қазақстанмұнай» бірлестігі механикалық шеберханасының 3-ші дәрежелі слесарі. 1968 жылдан - Өзен пайдалану бурғылауы кеңсесінің прокаттау-жөндеу цехында 3-ші дәрежелі слесарь. 1969 жылдың желтоқсан айынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1972 жылдың қаңтар айынан - «Өзенмұнай» МГӨБ автокөлік колоннасының 3-ші дәрежелі слесарі. 1973 жылдың наурыз айынан - «Маңғышлақмунайгазқұрылыс» тресінің автокөлік кеңсесінде жүргізуші. Жаңаөзен қалалық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1980-1984). 1989 жылдың мамыр айынан - «Қазжылуизоляция» тресі Маңғышлақ арнайы басқармасының №3 учаскесінде шебер, 1989 жылдың қазан айынан - жұмыс өндіруші. 1997 жылдың наурыз айынан - «Жылумонтаж» АҚ президентінің м.а. (Ақтау қ.). 1997 жылдың сәуір айынан бері - «Қазжылуизоляция» АҚ президенті. Маңғыстау Қызыл Жарты Ай қоғамы облыстық комитеті өкілінің орынбасары (2006 жылдан бері).

Марапаттары IІІ дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен (1986); «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1977) марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері Санат:Еңбек Даңқы орденінің иегерлері