Итарқа – Найманжал тауының шығысындағы қыстау.

Географиялық орны Павлодар облысы Май ауданы Қызылқұдық қонысынан батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.

Жер бедері Қыстау ірілі-ұсақты шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Құтансор, шығысында Жамантұз, оңтүстігінде Жақсытұз, батысында тағы басқа ұсақ, тұзды көлдермен шектеседі. Маңында Тақыл, Ақтас қыстаулары бар. Мал қыстағы ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Павлодар облысы елді мекендері Санат:Қыстаулар