нобай|Яковлев Николай Иванович|417x417 нүктеНиколай Иванович Яковлев (27.06.1927, қазіргі Санкт-Петербург қаласы - 01.04.1985, қазіргі Семей қаласы) - кескіндемеші. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1948 жылы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі колледж) бітірген. Ол "Үста" (1955), "Парк", "Күз", "Көктем" (1956), "Жаңа Семей" (1958), "Ертеңгі шақ", "Бұқтырма СЭС-і" (1959), "Ертіс жағалауында" (1960), "Ымырт" (1964), "Ертіс" (1965), "Партизан керуені" (1967), 1941 жылдың басы" (1985), т.б. туындыларымен танымал. Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Биография Яковлев Николай Иванович.
Николай Иванович Яковлев Ленинград қаласының тумасы. 1927 жылы туған, ерте жетім қалады. Оның атасы Псковщинада архитектурамен айналысып, кескіндемемен әуестенген адам болатын. Оның осы махаббаты немересіне беріліп, кәсіптің таңдауына шешуші әсерін тигізген. Жас Николай Яковлев Ленинградтағы Көркемөнер Академиясының жанындағы орта көркемсурет мектебіне оқуға түседі. Бірақ оқу соғыспен үзіліп, 14 жасар бозбала қолына қылқалам орнына қару алып, партизандар қатарына кіреді. 1942 жылдың тамыз айынан 1944 жылдың сәуір айына дейін Псков облысындағы партизан қозғалысының белсенді қатысушысы болады. 16 жасында Қызыл жұлдыз Орденінің иегері атанады.
Ленинградты босатқаннан кейін туған қаласына қайтып оралып, ОКМ-де оқуын жалғастырады. Бірақ оның денсаулығына соғыс жылдары келтірілген зиян кесірінен Ленинградтың ылғалды климаты жақпады. Тұрмыс орнын жедел өзгерту керек болады. Оның таңдауы ыстық және құрғақ ауа-райы бар Қазақстанға тоқталады.
1944 жылдан бастап Алматыда тұрып, ол Н. В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде оқиды және 1948 жылы оны орта мектептердің сурет салу және сызу оқытушысы мамандығы бойынша аяқтайды. Бөлу бойынша Семей қаласына келеді. Педагогикалық училищеде сабақ береді және жергілікті көркем-өндірістік шеберханаларда жұмыс істейді.
1962 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. Пленэрде жазылған көптеген этюдтарда біз табиғатты қарапайым және шыңайы қабылдауын сезе аламыз. Суретші табиғат аясында жұмыс істеуді жақсы көретін. Оның бояу жағындылары қанық, серпінді және шапшаң.
Ол ешқашан өз суреттерін түзетіп, қайта жазбаған. Оның жұмыстарында суық «есеп» жоқ. Ол табиғаттың ашық емес бояуларында оның нәзіктік әуенін, көңіл-күйін көрсете білетін өте эмоционалды, жарқын көңілді кескіндемеші. Николай Ивановичтің классикалық музыкаға деген тартылысы тегін емес еді.
Суретші-пейзажистің тақырыптарының бірі сүйікті Ертіс өзені, ол оның әдемілігін алуан түрлі бейнелеген. Николай Иванович жазғы пейзаждарды жазуды жақсы көретін. Негізі жаз мезгілін бейнелеу қиын деп саналатын, өйткені қанық жасыл көк реңктің басымдылығы пейзажға басқа реңкі беріп сурет бояуын өзгертіп жібереді және сурет бетінде жартылай бояу түстерін көрсету қиынға түседі. Бірақ суретші бүкіл жан-дүниесімен күн сәулесіне бөленген немесе жылы жазғы кештерге толы табиғаттың осы жыл мезгіліне өз таңдауын беріп қойған.
Николай Иванович 58 жасында, ерте қайтыс болады. Суретшімен жеке таныс болғандардың жадында, ол тамаша кескіндемеші және мейірімді, жұмсақ адам болып қалды. Н.И. Яковлевтің шығармашылық мұрасы – біздің қаламыздың рухани және мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Автор: Стромская Татьяна Александровна.
Суретшінің жұмыстары
Дереккөздер