Экологиялық төтенше жағдай — қоршаған ортаға әсерін тигізетін бір фактордың белгіленген мөлшерден тым ауытқып кетуі салдарынан организмдердің тіршілігіне туған апатты жағдай. Мысалы, топырақтағы тұздардың мөлшері көбейсе, топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы артады; бұдан физиологиялық құрғақшылық күшейеді де, ылғал жеткілікті болғанның өзінде өсімдіктің сумен қамтамасыз етілуі қиындайды. Осылайша топырақта тұздың шектен тыс жиналуы өсімдіктің улануына және солып қалуына апарып соғады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Дереккөздер

Санат:Экология