Сәлима Ескендірқызы Саттарова (13 наурыз 1920, Алматы — 12 шілде 1985, сонда) — актриса, Қазақстанның халық әртісі (1958). 14 жасынан сахнада ойнай бастады. 1934 - 40 ж. Ұйғыр музықалық драма театрында (қазіргі Ұйғыр музықалық комедия театры)актриса болып, Баян(Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Корпеш-Баян сұлуында"), Анархан (Д.Асимов пен А.Садыровтың осы аттас пьесасында), т.б. рольдер орындады. 1940 - 1949 ж. Қазақ академиялық драма театрында актриса, 1949 - 1980 ж. Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының құрамында ойнады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан актрисалары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Алматыда туғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары