Бейнарықтар () — үйрек туыстастарына жататын ірі және ұсақ үйректер туысы.
Тұмсықтары ұзын, жіңішке, шеттерінде өткір ұсақ көртікшелер орналасқан. Ол балықтарды мықтап ұстауға мүмкіндік береді. 7 түрі белгілі, олардың 4 түрі ТМД кеңістігінде таралған. Бейнарықтар орманды, тундрадан далалық аймақтарға дейін, Памирде 4300 м биіктікке дейін балыққа бай өзен-көлдерді мекендейді. Ұрғашылары балапандарын шығарып, өрбітеді. Балықпен қоректенеді.
Аңшылық құстар. Қабыршақты бейнарық КСРО Қызыл кітабына енгізілген. Ертіс өңірінде, қабыршақты бейнарық және басқалары, қыстамаға ұшарда кездеседі.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Бейнарықтар Санат:Үйректер тұқымдастары Санат:Құс түрлері Санат:1758 жылы зерттелген жануарлар