Жұмаш Сомжүреков (1.2.1940 ж.т., Торғай облысы Амангелді ауданы "Қайынды" ұжымшары) - ақын.
Қазақ ұлттық университетін бітірген (1964).
Әр жылдарда мектепте мүғалім, жастар жетекшісі, республикалық "Қазақстан ауыл шаруашылығы" журналында, облыстық "Торғай таңы" газетінде тілші болып жұмыс істеген. Өткір әдеби сындары, проблемалық, әлеуметтік тақырыптарды өзек еткен көптеген мақалалары республикалық баспасөз беттерінде жарияланған. "Көктем тынысы", "Нұрлы нысана" атты өлең кітаптары, "Сарыарқа" таңдамалы жыр жинағы жарық көрген.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:1940 жылы туғандар Санат:Қазақ ақындары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері