Бармақ, буын уәзіні - әр жолындағы буын сандарының біркелкі келу заңдылығына негізделген түркі тілдес халықтар поэзиясының өлең өлшемі.
Бұл жүйедегі өлең құрылысы тек түркі тілдес халықтар поэзиясында ғана емес, сондай-ақ, француз поэзиясында, кейбір славян тілдес халықтар поэзиясында ертеден қолданылып келе жатқандықтан оны әдебиет теориясында силлабикалық () өлең деп атау қалыптаскан. Түркі тілдес халық поэзиясында ертедегі ауыз әдебиетінен бастап бүгінге дейін осы өлең жүйесі қолданылады. XI ғасырда жазылған Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрк" кітабындағы өлеңдер де бармақ өлшемімен жазылған. Кейбір халыҚтардың (өзбек,Әзірбайжан, т.б.) жазба поэзиясында араб-парсы үлгілеріне еліктеу негізінде аруз өлшемі қолданылып келді. Арузда буынның саны емес, сапалық өзгешелігі, яғни, ұзынды-қысқалы буындардың белгілі ретпен кезектесіп келуі алдымен ескеріледі.“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:Өлеңдер Санат:Түркі мәдениеті