Құбайыс Қаратаев (1903, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Батбақкөл ауылы - 1943, Сталинград майданы) - ақын. 1928 - 31 жылдары Орынбор қаласындағы аймақтық милиция мектебінде оқыған. Аудандық милиция, есеп-санақ, финанс мекемелерінде қызмет еткен. Өлеңдері, жыр-толғаулары ел арасына кең тараған. 1938 жылы Қазақстан Жазушылар одағы жанынан ашылған халық ақындарының екі айлык курсында оқыған. Кейін аудандық мәдениет бөлімінде, концерт-эстрада бригадасында жұмыс істеген. Өлеңдері облыстық аудандық газеттерде жарияланған. Солтүстік-Батыс майданында шығып тұрған "Отан үшін" газетінде бірнеше өлеңдері жарық көрген. Отан соғысына қатысып, жауынгерлік медальдармен марапатталған.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Құбайыс Қаратаев · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.