Жәмила () — Шыңғыс Айтматовтың 1958 жылы жарық көрген хикаят. Шығарма жазушыға әлемдік деңгейде танымалдық әкелген туынды болды.

Сюжеті Жәмила шығармасында оқиға баяндаушысы суретші Сейіт, басты кейіпкердің күйеуінің інісі болып табылады. Оқиға Ұлы Отан соғысы кезінде қырғыз аулында өтеді. Жәмила мен 15 жастағы Сейіт патриархалдық отбасында өмір сүреді. Жәмиланың күйеуі Садық, ауылдың басқа ер-азаматтары сияқты, майданға кеткен. Соғыста жараланып, ауылға Данияр қайтып келеді. Колхозда жұмыс күші жетіспегендіктен, оны Жәмила мен Сейітке бірге астық тасуға көмектесуге жібереді. Басында Жәмила тұйық мінезді Даниярды келеке қылады, бірақ уақыт өте келе екеуі бір-біріне ғашық болады.

Жәмила хикаятында біраз уақыттан кейін ғашықтар бірге ауылдан кетіп қалады. Сейіт олардың кетіп бара жатқанын кездейсоқ көріп қалып, өзінің де Жәмиланы жақсы көргенін түсініп, балалық шағымен қоштасып жылайды. Ауыл адамдары мен майданнан оралған Садық Жәмиланың бұл әрекетін айыптайды, бірақ Сейіт оның таңдауын қабылдайды. Кейін өзі де туған ауылын тастап, суретші болуға кетеді. Дипломдық жұмысы ретінде ол Жәмила мен Данияр бейнеленген картинаны салады. Хикаят дәл осы картинаны еске алумен басталып, сонымен аяқталады.

Пікірлер Француз жазушысы Луи Арагон Жәмила хикаятын әлемдегі ең әдемі махаббат хикаясы деп атаған.Erich Follath and Christian Neef, «Kyrgyzstan Has Become an Ungovernable Country », SPIEGEL ONLINE International, 8 October 2010.

Осмонакун Ибраимовның пікірінше, музыка бұл хикаят үшін де, Шыңғыс Айтматов шығармашылығы үшін де аса маңызды рөл атқарады. Оның ойынша, музыка — шығарманың негізгі мағыналық өзегін құрайтын басты элемент.

Дереккөздер

Санат:Шыңғыс Айтматов романдары Санат:Романтикалық шығармалар Санат:Қырғызстан әдебиеті Санат:Қырғыз әдебиеті