Ставрида — жылы суда тіршілік ететін теңіз балығы.

Ол Қара, Балтық және Жапон теңіздерін мекендейді. Салмағы 400 грамға дейін болады. Ставриданы сауда орындарына мұздатылған, тоңазытылған, ысталған, кейде тұздал, қақталған күйінде жібереді. Оның еті кулинариялық неше түрлі тағам әзірлеуге жарай береді. Ставриданы көкөністің нәрлі сорпасына қайнатқан жөн. Балықты аршып, тазалағанда оның бүйірі мен құйрық жағындағы тікенектерінен тазарту керек.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Дереккөздер

Санат:Алабұғатәрізділер