Қасенов Қожантай Оразұлы (28.6.1939 ж. т., Бөкей ордасы ауданы, Орда ауылы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1978). Ақтөбе медициналық институтын бігірген (1964). 1964-1978 жылдары сонда патология-физиология кафедрасының ассистенті, доценті, профессор, меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1975-1976 жылы осы институтың гигиена және денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру кафедрасын басқарды. Қасенов жылан уының организмде иммунитет қалыптасуына тигізетін әсерін зерттеді, бір және екі зиготадан (ұрықтан, аналық жыныс клеткасынан) дамыған эмбрионның серпіліс (тойтарыс) күшін салыстырып, оған сипаттама берді. 12 медицина ғылым кандидатарын, 2 ғылыми доктриналарын даярлаған. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар