Нотариустың: өзіне өтініш жасаған жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне орай Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген нотариалдық қызметті атқаруға; мәмілелердің, арыздардың және өзге де құжаттардың жобаларын жасауға; құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінділер әзірлеуге; нотариалдық қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңестер беруге; жеке және заңды тұлғалардан нотариалдық қызмет көрсетуіне қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге; оқытушылық және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның ішінде жалдану шарты бойынша; техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқығы бар.
Нотариустың міндеттері: нотариат қызметін реттейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтык актілердің талаптарына сәйкес нотариалдық қызмет көрсету; азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жасалатын нотариалдық іс әрекеттердің зардаптарынан сақтандыру; заңнамаға сәйкес келмейтін жағдайда нотариалдық қызмет көрсетуден бас тарту; кәсіптік этиканы сақтау; өз іс-әрекетіне жасалған шағымдар бойынша әділет органдары мен нотариалдық палатаға жасалған нотариалдық іс-әрекеттер туралы мәліметтер беру, ал қажет болған жағдайда — жеке түсініктеме, соның ішінде, кәсіби әдептерін сақтамағандығы туралы түсініктеме беру.Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2
Дереккөздер
Санат:Құқық