Бомбардирлер () – ызылдақ тұқымдасы, қоңыздар тұқым тармағына жатады. Бомбардир қоңыздардың ерекше қорғаныс қаруы бар. Ол жауына ыстық газ бүрке алады. Бүрку кезінде қатты дыбыс шығарады.

Сипаты Пішіні бірнеше мм-ден 1-3 см-ге дейін болады. Алдыңғы қанаттары қара, ал бастары, кеуде тұсы және аяқтары ашық түсті болып келеді. Ересек қоңыздар ұзын мұртшаларымен ерекшеленеді. Жемтігін улы газбен атқылап ұстайды. Таңдай бездері екі химиялық иіс, яғни сутек тотығы мен гидрохинонды бөліп шығарады. Осы екеуі қосылып, химиялық газ ретінде шығады. Секундына 500 рет тура атқылап, газ бүрке алады. Аталған қоңыздар баяу қимылдайды. Уақыттарының көбін, әсіресе, күндіз жартастар, бөренелер астында өткізеді. Түнде белсенді, ұсақ жәндіктермен және жұлдызқұрттармен қоректенеді. Көктемде ұрықтанып, жұмыртқа салады. Аналықтары жұмыртқаларын шар тәрізді етіп сыртын батпақпен қаптап, жартастарға немесе бұталарға жапсырып қояды. Дернәсілдері бірнеше күнде қуыршаққа айналады.

Таралу аймағы 500 түрі белгілі; ТМД-да 30 түр таралған олар оңтүстік аймақтарда тас астын орман төсеніштерін мекендейді. Қабырғалы бомбардирлер (В. aeneicostis) және явандық бомбардирлер (Р. javanus) КСРО Қызыл кітабына енгізілген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Қатты қанаттылар