Георгиевка каналдары – Қырғызстан мен Қазақстан аралығындағы ірі суару-суландыру жүйелерінің бірі. Канал құрылысы 1931 жылы басталып, 1935 жылы пайдалануға берілген.

Гидрологиялық сипаты Георгиевка каналдарының Шу өзеніндегі бөгеттен екі тармаққа бөлінген жеріне дейінгі аралығы – 4,2 км, табаны – 12 м, терендігі – 2,5 м. Қордай ауылының тұсында канал оң және сол тармақтарға бөлінеді. Каналдың оң жақтағы үзындығы 40,5 км, табаны – 1–3 м, терендігі – 1–1,77 м, су өткізгіштігі – 7,92 м³/с. Каналдың сол жақтағы ұзындығы — 48,7 км, табаны – 7–12 м, терендігі – 0,7–2,5 м, су өткізгіштігі – 11–31 м³/с. Георгиевка каналдары арқылы Қордай ауданының мыңдаған га егістігі суарылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысы каналдары Санат:Қырғызстан географиясы