Ғаббас Жұмабаев - 1924 жылы 5 мамыр да Қостанай облысындағы Меңдіғара ауданының Ақсуат ауылында туған. Ақын.

1942 жылы Меңдіғара қазақ педагогикалық училищесін бітірген. 1945—1947 жылдары өз ауылында мұғалім болып, 1947 жылдан бастап бірыңғай журналистік қызметте кешкен. 1947 — 1955 жылдары Қостанай облыстық газетінде әдеби қызметкер және жауапты хатшы болып қызмет істеген. 1959 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін көп жылдар бойына «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болған.

«Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналдарында бөлім меңгерушісі, «Ара» журналында фельетонист, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы информация агенттігінде (ҚазТАГ) аудармашы болып қызмет атқарды. азақстан Жазушылар одағында қызмет атқарған. Тұңғыш өлеңдер жинағы - "Нәсер" 1959 жылы жарық көрген. Ж. Л.Толстойдың "Крейсер сонатасы" повесі мен бірнеше әңгімелерін, К. Хетагуровтың өлеңдер жинагын, Г.Х. Андерсеннің ертегілер кітабын, Самед Вургунның "Бакудастан" поэмасын, Н.Тихоиовтың, С.Прокофьевтің және басқа ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Бірнеше медальдармен марапатталған.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Шығармашылығы Он шақты жыр кітабы шыққан. Л.Толстойдың «Крейсер сонатасы» повесі мен он шақты әңгімесін, К.Хетагуровтың өлеңдер жинағыш Г.Х.Андерсеннің ертегілер кітабын, С.Вургуннің «Бакудастан» поэмасын, Н.Тихоновтың, С.Прокофьевтің және басқа орыс ақын-жазушыларының шығармаларын аударған. Нөсер. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1961; Мерей. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1963; Арманым. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1966; Жомарт күз. Өлеңдер, поэмалар, балладалар. А., «Жазушы», 1969; Исповедь. Стихи, баллады, поэмы. А., «Жазушы», 1972; Алтын толқын. Өлеңдер, балладалар, поэмалар жинағы. А., «Жазушы», 1978.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан ақындары Санат:Меңдіқара ауданында туғандар Санат:1924 жылы туғандар