Ісләм Жарылғапов (4 тамыз 1918 жыл Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Бірлік ауылы) - жазушы, журналист, аудармашы.
Арғын тайпасы Қуандық руының Мойын Аралбай бөлімінен шыққанАлтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014.
Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Алматы педагогикалық училищесін бітірген (1942).
Мәскеу Жоғары дипломатия академиясының тыңдаушысы болған (1944-1945).
мектеп мүғалімі
институт оқытушысы
Алматы облыстық комсомол комитетінің хатшысы
БЛКЖО Орталық Комитетінің (Мәскеуде) нұсқаушысы
Алматы қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (1946—1952)
Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері
«Жазушы», «Қазақстан» баспаларының аға редакторы, редакция меңгерушісі
Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің алқа мүшесі
Өнер басқармасының бастығы
Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы
«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы
«Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары
Қазақстан Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, аударма кеңесінің төрағасы секілді қызметтер атқарған. Шығармашылығы Көркем әдебиет саласында М.Горький, М.Шолохов, А.Герцен, Л.Толстой, А. Пушкин, Ф.Ниязи, Ә.Несин, У - Ян, К.Цеткин, В.Бердаль, И — Р. Бехер, т.б. жазушылардың әр жанрдағы шығармаларын қазақшалаған. Ұлттық терминология жасау ісіне араласып, қазақ тілі қорын 500-ден астам жаңа терминдермен байытты.
марапаттары «Үздік мұғалім»
«Үздік мәдениет қызметкері»
«Үздік баспасөз қызметкері» атақтарының иегері.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:4 тамызда туғандар Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар Санат:1918 жылы туғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан аудармашылары