Санқырық — Бөкей Ордасы ауданының Орда аудандық округіндегі оба.

Үш топқа бөлінеді. 1) 26; 2) 10; 3) 5 қорғаннан тұрады.

Ара қашықтықтары 200-300 м. Топырақтан үйілген. Қорғанның маңайында 18-20 ғ-ларда қойылған құлпытастар, молалар бар. Ескерткішті облыстық музей экспедициясы (жетекшісі Б.Райымқұлов) тапқан. Қазба жұмыстары жүргізілмеген. Шамамен ерте темір ғасырьшан кейінгі кезеңге жатады. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер