Жайық казак-орыс әскері — Ресейдің оңтүстік аудандарынан қашып-пысқан босқындардан Жайық бойында 16 ғ-дың 2-жартысында қазақ жерін ашықтан-ашық отарлау үшін құралған құрамалар. Билік толығымен казак-орыс қолында болды. Казактар алғашқы кезде негізінен балық аулаумен, 18 ғ-дан бастап мал бағумен де айналысты. Бірақ, бойлары үйренгеннен кейін, яғни 19 ғ-дан бастап олар қорғансыз Жайық қазақтарының шұрайлы жайылымдық жерін, өрістегі малын тартып ала бастады, ауылдарға тұтқиылдан шабуыл жасап, адамдарды қырды. 1919 ж. таратылды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Жайық казак әскерлері 1591 жылы құрылды, патша үкіметінің осы аймақтағы отарлық саясат жүргізудегі ең басты тірегіне, қазақ, қалмақ, башқұрт халықтарының азаттық күресіне қарсы құралына айналды. Территориясы шамамен 6,4 млн. десятина. 1917 жылғы Ақпан революциясы қарсаңында Жайық казак әскерлері үш бөлімнен Орал, Калмыково, Гурьев) және 33 станицадан құралды. Гурьев уезінің құрамына, бес казак станицасы кірді, олар: Гурьев, Сарайшық, Жаманқала, Орлово, Кулагино. Жайықтың оң жағасындағы ең шұрайлы жерлерді тартып алған казактар, бір жағынан, өздерінің сословиелік ерекшеліктерін сақтауға тырысып, тек патшаға ғана қызмет етеміз деген желеумен, тіпті, қарапайым орыс шаруаларына да жоғарыдан қарап, әрі олардың мүдделеріне қарсы келіп отырса, екінші жағынан, осы жерлердің шын мәніндегі иелері қазақтармен жайылымдық жер, шабындық үшін, балық аулауда, тұз өндіруде, сауда-саттықта үнемі қақтығысқа барып, өз өктемдіктерін жүргізуге тырысты. Патша үкіметінің қазақ даласында жүргізген отарлық саясаты туралы айта отырып, академик С.Зиманов оның кейбіреулеріне ерекше тоқталды: жергілікті жерлердегі басқарудың жауапты орындарына орыс шенеунікт көбінесе, әскери адамдар тағайындалды… Жергілікті халық болса екінші кезең техникалық міндеттерге тартылды…; үкімет өлкеде ерекше жеңілдіктерге ие казак станицаларын жаңа станицаларын құрды және дамытты… отаршылдық әкімшілік жергілікті халықтың игі-жақсыларын өз жағына тарту арқылы отарлық саясатты жүргізу құралына айналдырды, сөйтіп олар болыстық және ауылдық басқару жүйесіне енгізілді; царизм орыс, украин тұрғындарын, казактарды жергілікті халыққа қарсы бағытталған шовинистік күйде ұстауға және оны жандандыруға тырысқан саясат ұстады…, үкімет жергілікті халықтың өз құқтары үшін қандай да болмасын қарсылығын тұтанбай жатып, асқан қаталдықпен басып тастауға тырысты…; патша үкіметі қазақ халқының ауызбірлігіне жол бермеу мақсатында рулар, әртүрлі топтар арасындағы кикілжіңдерді, қақтығыстарды қоздыра түсті…; қазақ жерінде едәуір тұрақты әскери күштер орналасты, олар өз «жаттығуларында» қазақтарды басты «нысана» ретінде алып, ауылдарға қарсы үнемі жазалау шараларын жүргізіп отырды, кінәсіз халықты қырып жойды, мүлкін тонауға салды». Зиманов С.З. В.И.Ленин и советская национальная государственность в Казахстане Алма-Ата: Наука, 1970. -12-б.

Елді мекендері 1-ші Орал әскери бөлімі 1. Кирсанов станицасы Кирсанов кенті Елтышев кенті Январцев кенті 2. Рубежин станицасы Рубежин кенті (Рубежинское) Требушин кенті (Красноармейское) Дьяков кенті (Озёрное) Серпутов кенті Курноскин кенті (Красный Свет, Ақбидай) Савичев кенті Чеботарёв кенті (Құрманғазы) Полварин кенті 3. Трёкин станицасы Трёкин кенті Гнилой кенті (Володарское) Дарьинск кенті Голицын кенті (Галицино) Новенький кенті 4. Орал станицасы Орал қаласы Ревун кенті (Зашаған, Коминтерн ш/а) Подстёпный кенті Ново-Деркульский кенті (Жамбыл) Садовый кенті Маштаков кенті 5. Круглоозёрная станицасы Круглоозёрный кенті Серебряков кенті Щапов кенті Ливкин кенті Деркөл кенті Верхне-Гремячий кенті Широкий кенті Перемётный кенті (Новенькое, Қайнар) Ново-Перемётный кенті (Перемётное) Железнов кенті (Атамекен)

2-ші Калмыков әскери бөлімі 1. Шаған станицасы 1-ші Шаған кенті (Үлкен Шаған) 2-ші Шаған кенті (Кіші Шаған) Көшім кенті 2. Скворкин станицасы Владимир кенті (Владимировка, Ақсу) Скворкин кенті Янайкин кенті Богатск кенті Жемшин кенті (Тоғайлы) 3. Бударин станицасы Прорва кентіПрорва қонысы Коловертной кенті Бударин кенті Баранов кенті (Самал) 4. Ілбішін станицасы Кожехаров кенті (Жаңабұлақ) Ілбішін қаласы (Чапаев) 5. Мергенев станицасы Горячин кенті (Горячкино, Мойылды) Мергенев кенті Қаршы кентіҚаршы қонысы 6. Сахарная станицасы Сахарный кентіСахарная қонысы Калёный кенті (Ақбұлақ) Лебяжин кентіЛебедок қонысы Антонов кенті (Атамекен) 7. Калмыков станицасы Круглый кентіКруглое қонысы Котельный кенті (Котельниково, Алмалы) Калмыков кенті (Тайпақ) Краснояр кенті (Томпақ) 8. Каменская станицасы Каменка кенті (Тасқала) Ассеричев кенті (Асерчево) Зелёный кенті Вавилин кенті (Бастау) Паника кенті (Ақтау) Цыганов кенті (Егіндібұлақ) 9. Шежін станицасы 1-ші Шежін кенті 2-ші Шежін кенті Ермоличев кенті (Ермольчево, Еменжар) Ширяев кенті (Кирово, Алмалы) Подтяжки кенті (Мереке) Шильная Балка кенті (Аққурай) Богатырёв кенті (Болашақ) 10. Карманов станицасы Карманов кенті (Қырқопа) Қызылоба кенті (Красногорское, Қызылоба) Бесоба кенті (Пятимарское, Пятимар) Қисыққамыс кенті (Жаңақала) 11. Глиненская станицасы 1-ші Глиненский кенті1-ші Глиненский қонысы 2-ші Глиненский кенті (Ленинское, Мәстексай) Бородин кенті (Факеево, Сарыкөл) Мухорский кенті (Мұқыр) Мокринский кенті (Жаңажол) 12. Сламихин станицасы Сламихин кенті (Фурманово, Жалпақтал) Берёзов кенті (Берёзино, Қайыңды) Талов кенті (Русская Таловка, Ащысай) Үлкеноба кенті (Көктерек)

3-ші Гурьев әскери бөлімі 1. Кулагин станицасы Харькин кенті (Шабдаржап) Горы кенті (Аққала) Гребенщиков кенті (Ынтымақ) Кулагин кенті (Есбол) 2. Орлов станицасы Орлов кенті (Өрлік) Зелёный кенті (Көктоғай) Топайлы кенті (Ө. Атамбаев) 3. Жаманқала станицасы Карманов кенті (Кеңөріс) Бақсай кенті (Ақтоғай) Жаманқала кенті (Махамбет) 4. Сарайшық станицасы Сарайшық кенті (Ескі Сарайшық) Сорочинский кенті (Аққайың) Редут кенті (Талдыкөл) Кандауров кенті (Алмалы) Новобогат кенті (Х. Ерғалиев) 5. Гурьев станицасы Гурьев қаласы (Атырау)

Дереккөздер

Санат:Ресей империясы тарихы Санат:Казактар