Балықты Cарқыл бөгені — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылы жеріндегі Қараөзен мен Сарыөзен аралығында орналасқан. Су айдыны Балықты Сарқыл көлі мен Қараөзен ағынына байланысты.
Гидрологиялық сипаты Аумағы — 30,0 км², ұзындығы 10,8 км, ені 5,3 км, ең терең жері 5,4 м, орташа терендігі 3,2 м. 6,0 мың га жерді көлдетіп суарады. Бөген жағасында қамыс өседі.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы гидрографиясы