Бермуд аралдары () — Атлант мұхитының солтүстік-батысында, Солтүстік Американың Флорида түбегі жағалауынан оңтүстік-шығысқа қарай 900 км-дей жерде орналасқан.
Барлығы шамамен 150-дей арал. Жерінің ауданы 53,3 км2, тұрғыны 61 мың адам (1993). Аралдар Ұлыбритания иелігінде. Климаты тропиктік қоңыржай ылғалды. Ең суық айының (наурыз) орташа температурасы 16,70С, ең жылы айы — тамыз (26°С). Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 1350 мм. Аралдарды 1522 ж. испандық теңіз саяхатшысы Хуан Бермудес ашқан.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
* Санат:Ұлыбританияның теңіздегі аумақтары Санат:Ағылшын тілді елдер мен аумақтар Санат:Ұлыбританияның бұрынғы отарлары