Алмаз — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл, Алмаз ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 92 км-дей жерде, Қуағаш өзенінің жағалауында, бетеге, жусан, селеу өскен сортандау келген қызыл қоңыр топырақты қуаң далалық белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1208 адам (621 ер адам және 587 әйел адам) болса, 2009 жылы 832 адамды (423 ер адам және 409 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 532 адамды (269 ер адам және 263 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1961 жылы «Алмаз» астық өсіру кеңшары ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Алмазда және оған қарасты Константиновка, Лебедевка ауылдарында «Алмаз», «Қуан», «Жомарт» атты серіктестіктер құрылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, 2 клуб, фелъдшерлік-акушерлік пункттер бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Шыңғырлау ауданы елді мекендері