Бадысай қорғаны - Тасқала ауданының Амангелді ауылдық округінің аумағына орналасқан қорғандар тобы. Ол 5 қорғаннан тұрады, олардың диаметрі 25- 53 м., биіктігі 0,4-2,2 м. Топырақ үйіндісі түрінде кездесетін ежелгі мекенді Орал облысы музейінің археологиялық экспедициясы (жетекшісі — Б.Райымқұлов) ашқан. Қазба жұмыстары жүргізілген жоқ. Ғалымдардың пікірінше, қорған ерте темір дәуіріне жатады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер