Салтанат Уәлиханқызы Каменова (20 шілде 1953 жылы туған, қазіргі Павлодар облысы, Аққу қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (2002), профессор (2005).
Өмірбаяны Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1977, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Мәскеу қаласындағы КСРО Медицина академиясы қарамағындағы Неврология ғылыми-зерттеу институтының ординатурасы (1984) мен аспирантурасын (1987) бітірген. Павлодар қалалық емханасында телімдік терапевт-дәрігер (1977–83) Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында аға зертханашы (1988–89), ассистент (1989–95), доцент (1995–2002), профессор (2002–03) қызметтерін атқарды. 2004 жылдан кафедра меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері «Эпилептические припадки у больных с дисциркуляторной энцефалопатией. Структурные и нейрофизиологические основы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. 4 өнертабыстық патенті бар.
Дереккөздер
Санат:20 шілдеде туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Ақсу қаласында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының профессорлары Санат:Қазақстан өнертапқыштары