Тегіс киттер () — мұртты киттер тұқымдасы.
Ұзындығы, 5-21 м-ге дейін. Іші тегіс немесе жатық қатпарсыз. Мойын омыртқалары қосылған. Мұрттарының тақтайшасы жіңішке, ұзын, серпімді. Алдыңғы екі тақтайшасының екі қатары тұтаспайды, тақтайша шашақтары жіңішке, түктілі, (өте ұсақ шаяндарды сүзу үшін). Су атпасы 2-ге бөлінеді.
2 туысы, 4 түрі бар: гренландық кит және оңтүстік киттер (3 түр). Сүттенуі 1 жылдай. Саны аз. Бірінші 2 түрі ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына еңгізілген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3 thumb|left|200px|Гренландық кит
Дереккөздер