Береке — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Елтай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км жерде, бетеге, боз, селеу өскен құрғақ агроклиматтық белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен30483511 6729 191,7 1793 3363 187,6 1718 3366 195,9
Инфрақұрылымы Шағын шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедиясы. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Қарасай ауданы елді мекендері