Байсейіт Тойшыбекұлы (1831-1867) - Қоқан басқыншыларына қарсы күрескен батырлардың бірі. Ұлы жүздегі Дулат тайпасының Ботпай руынан шыққан. 1864 жылы орыс әскерлерімен бірге Қоқан хандығына қарсы күрескен Сұраншы батырға қосылып, Қоқандарға қарсы бірнеше ұрысқа қатысқан. Байсейіт Жамбыл ауданындағы Ақ сеңгір ауылында жерленген.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер