Тиянақты баға - жекелеген тауарлардың белгілі бір кезеңге арналып белгіленген мемлекеттік реттелмелі бағасы. Өндіруші, тауарды сатушы бұл бағаның шамасын өзгерте алмайды. Бір орталықтан басқарылатын экономикада кеңінен таралған (мемлекеттік баға). Тиянақты баға (тариф) негізінен табиғи монополиялардың өнімдеріне: мұнай мен газға, байланыс және темір жол көлігі көрсететін қызметтерге, халықтың коммуналдық-тұрмыстық қызмет мұқтаждарына босатылатын электр энергиясына қолданылады. Тиянақты баға сондай-ақ асыл металдар мен балқымаларға, олардың сынықтары мен қалдықтарына, асыл және жартылай асыл табиғи және жасанды тастарға және олардан жасалған бұйымдарға да белгіленген.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:Қаржы