thumb|150px|Криминалистикада қолданатын құралдар

Жеке адамның сипаттамасы-криминалистикада белгілі бір адамның сыртқа көрінетін барлық белгілерін жүйелі түрде жанамалау. Бұл қашқын қылмыскерлер мен белгісіз адамды іздестіруде және анықтауда, сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалушылар мен танылмаған мәйіттерді тану кезінде ерекше маңызға ие болады. Жеке адамды толық сипаттауға: жынысы, жасы, бойы, дене құрылысы, салмағы, басы мен бетінің пішімі, шашы мен көзінің түсі, шаш қою үлгісі, мұрны мен аузының, тісінің, құлағының пішімі, сөз мәнері мен ерекше белгілері, мысалы. тыртықтар немесе саусақтарының жоқ болуы, қал меңі, денеге салынған кескіндер және т.б. жатады.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

Дереккөздер

Санат:Құқық Санат:Заң