Жалғамалылық, агглютинация (лат.agglutinatio жапсырылу, жабысу) — түбірге, негіз сөзге сөзжасам не сөз түрлендіретін қосымшалардың қосылу тәсілі, фузияга (қараңыз) қарама-қарсы сөзжасамның, тұлға жасаманың бір түрі. Жалғамалық фонетикалық жағынан тұрақты түбір не негіз сөзге жалғанатын қосымшалардың стандартты, қатаң иерархиялық құрылымы. мұндай жағдайда сөздің құрамдық жігі айқын сақталады. Қосымшалар бір-біріне жалғанғанда дыбыстық өзгерістерге ұшырап кірігіп кетпейді. Қосымшалардың әрқайсысы негізінде бір ғана грамматикалық мағынаны білдіре отырып, бірінің үстіне бірі жалғана береді, олардың ара жігі айқын көрініп тұрады. Мысалы, : бала сөзіне бірнеше Қосымша қосып, бала-лар, бала-лар-ым, бала-лар-ымыз-да түрінде айтуға болады. мұндағы -лар, көптік мағынаны, -ым, -ымыз меншіктілік мағынаны, -да мекендік мағынаны білдіріп тұр.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.
«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Дереккөздер
Санат:Лингвистика