Алтыүй — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орта­лығы – Жаркент қаласының солтүстік-шығысына қарай 12 км-дей жерде, Жеті­су (Жоңғар) Алатауының оңтүстік бөктерінде бұта аралас бетегелі-бозды және түрлі шалғын шөпті өсімдіктер өскен қызыл қоңыр топырақты, қуаң агроклиматтық белдемінде орналас­қан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен35053695 3852 104,2 1863 1981 106,3 1832 1871 102,1

Тарихы 1951-1997 жылдары жүгері тұқымын өсіретін Киров атындағы ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде Алтыүйде және округке қарасты Нәдек, Шежін ауылдарында шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылдарда 4 ор­та мектеп, 2 мәдениет үйі, 2 клуб, 4 кітапхана, аудандық емхана, 2 фельдшерлік-акушерлік, 1 медициналық пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқы­лы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы елді мекендері