Өскен Бөрғазы - 1943 жылы 3 сәуірде Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында дүниеге келген. Осы ауылда орта мектепті бітірген. 1965 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық, 1974 жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық институттарын тамамдаған. Инженер-технолог және математика пәнінің мүғалімі мамандықтарын алған. Еңбек жолын 1966 жылы Павлодар облысындағы Бозшакөл астық қабылдау пунктінде директордың орынбасары-технолог болып бастаған. 1967 жылдан Шымкент қаласындағы облыстық астық өнімдері басқармасында инженер болып қызмет еткен. 1968-1969 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы Ғ.Мүсірепов атындағы орта, А.С.Макаренко атындағы сегіз жылдық мектептерде мұғалім, 1969— 1975 жылдары оқу ісінің меңгерушісі, 1975— 1984 жылдары мектеп директоры, «Сызган» пионер лагерінің бастығы, 1984—1986 жылдары «Созақ» кеңшары кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1986 — 1991 жылдары «Шу» кеңшары партия комитетінің хатшысы, 1991-2007 жылдары Түркістан облысы, Созақ ауданындағы N21 кәсіптік мектептің директоры болып қызметтер атқарған. Шығармалары Бірнеше жыр мүшәйралардың жүлдегері. «Заман-ай» (1992), «Киелі топырақ» (1996), «Теріскей толгауы» (1999), «Сағыныш» (2003), «Толғаныс толқвіндары» (2005) атты жыр жинақтарының авторы. Жетістіктері Созақ ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері. Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің грамотасымен марапатталған. Облыстағы 2005 жылдың ең үздік ақыны атағына ие болған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан жазушылары