Ұрыспен барлау () — арнайы бөлінген бөлімшелердің шабуылдауы арқылы қарсылас туралы мәліметтер алу; тактикалық барлаудың тәсілі. Әдетте, Ұрыспен барлау қарсылас туралы қажет мәліметтерді басқа тәсілдермен алу мүмкіндігі болмаған жағдайда жүргізіледі. Ұрыспен барлау үшін қимылдары артиллерия атысымен кейде авиациямен сүйемелденетін күшейтілген мотоатқыштар немесе танк батальондары (роталары) және барлау белімшелері тағайындалуы мүмкін. Ұрыспен барлау жүргізілетін алқаптардың командирлері Ұрыспен барлауның барысын және қол жеткізген табысты әрі қарай дамыту дайындығының нәтижелерін бақылайды. Ұрыспен барлау кәптеген мемлекеттердің армияларында кездеседі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс