Категория (- нақтылау, дәлелдеу)- бір-біріне қарсы мағынада қойылған грамматикалық мәндер қатарының лингвистикалық жиынтығынан жасалады. Түрлері Жақсыздық-жақтылық Категориясы - тілдің әмбебап лексико-синтаксистік категориясы, сөйлемдегі субъектіні қоршаған әлемдегі баска бір затка (референтке) жаткызумен, сонымен бірге бұл заттың кеңістік пен уақытта окшаулануымен ерекшеленеді. Сырттай категория - арчин тілінде кездесетін етістіктің түрі. Синтаксистік емес категория - формальды айтылуы сол айтылымдагы баска формаларға қатыссыз лингвистикалық категория; сейлемдегі бір сөздердің басқаларға қатыстылыгын білдірмейтін категория; синтаксистік категорияға карама қарсы. Нольдік категория - грамматикалық категорияның кұрамындағы белгіленбеген категориялық тұлга. Қосарлық категория -шығуы қосарлы санмен байланысты екі заттың немесе қосарлы заттыңжиынтык мәні (глаза, колени, штаны, брюки, вожжи). Сөйлеу категориясы -айтылымның жалпы модальдік және жалпы предикативті мазмұнын анықтайтын және әр алуан - конструктивті, просодикалы т.с.с. айтылуларды алатын синтаксистік және семантикалык-синтаксистік категориялардың бірі. Семантикалық-лексикалық категория -семантикалық кластарға бірігуге негіз болатын сөз қорының бірліктері ретінде семантикалық нышандардың жиынтығы. Синтаксистік категория- сөйлемдегі бір сөздердің басқаларына байланыстылығын білдіретін лингвистикалық категория. Қалып-күй категориясы - тек баяндауыш тұрінде, басым көпшілігінде жақсыз сөйлемде қолданылатын өзгермейтін сөздердің түрлері ( жаль, пора, нужно, больно, весело, душно). Субъективті бағалауыш категориясы - түрлі сөз таптарының- зат есімнің, сапалық сын есімнің және үстеудің тиісінше синтаксистік қолданылуы, сөйлеушінің әңгімеге көзқарасы.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика