Мемлекеттік шекараны күзету — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету Қазақстан Республикасы кауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы мемлекеттік жүйесінің ажырағысыз құрамдас бөлігі болып табылады және ол мыналарды көздейтін саяси, әскери, құкықтық, ұйымдық, экономикалық, эқологиялық, техникалық, оперативтік және өзге шаралар жүйесін іске асыру үшін жасалады: Қазақстан Республикасының белгіленген Мемлекеттік шекарасының өтуін құқыққа қарсы, күш қолданып өзгертуге, шектес мемлекеттердің немесе олардың азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағының шекара өңірлерін заңсыз пайдалануына (игеруіне) жол бермеу; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңдарында белгіленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы құқықтык қатынастарды занды ұйымдар мен нақты адамдардың сақтауын камтамасыз ету осы құқықтық катынастарға қол сүғатын қылмыстар мен әкімшілік қылықтарга қарсы күресу; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында жеке адамның, қогам мен мемлекеттің мүдделерін сыртқы және ішкі қол сүғушылықтардан қорғау. Қазақстан Республикасының құрғақтағы, теңіздегі, өзендер мен өзге де су қоймаларындағы Мемлекеттік шекарасын күзету шекара әскерлеріне, ал әуе кеңістігінде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне жүктеледі. Мемлекеттік шекараны күзетуге Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген құқықтары шеңберінде басқа да министрліктер мен ведомстволар қатысады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс