Автоматтандырылған оқу жүйесі — оқытуды дараландыру ұшін арналған, компьютерлік негіздегі техникалық, оқу-әдістемелік, лингвистикалық, бағдарламалық пен ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету кешені автоматтандырылған оқу жүйесі функциялары: бастапқы білім деңгейін, үйренушілердің іскерліктерін, олардың дара ерекшеліктерін анықтау; оқу материалын даярлау: түсіндірілетін мәтіндер мен оқылатын мәселе бойынша, оқу және бақылау тапсырмалары бойынша иллюстрациялар; оқу материалын көрсету, оның күрделілік деңгейі ақпаратты беру қаркыны бойынша адаптациясы; оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару; олардың жұмыс істеу қабылеттілігінің көрсеткішін анықтау; меңгеру сапасына қорытынды бақылау жасау; әр окушы мен бүтін топтың материалды меңгеру процесінің көрсеткіштерін тіркеу және оған статистикалық талдау жасау (жеке тапсырмалардың сипаты мен оны орындауға жұмсалған уақыт, жұмысқа жіберілетіп жалпы уақыт, қателердің саны, т.б.).Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6 Дереккөздер

Санат:Педагогика Санат:Терминология