Ұшақтың радиолоқациялық қоңдырғылары (Самолетные радиолоқационные установки) — ұшаққа орнатылатын, әуеден және жерден нысаналардың (қаралатын объектілерінің) координаттарын табу, бақылау, тану мен анықтауға, сондай-ақ ұшақты жүргізу мәселелерін шешуге арналған радиолоқациялық станциялар жиынтығы. Қазірп ұшақтарда координаттарды тауып анықтайтын радиолоқациялық станциялар, панорамалық радиолоқаторлар, ұшақты тану үшін сұрау салу мен жауап беруге арналған және басқа қондырғылар бар.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіп: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс