thumb|right Тербеліс - уақыт бойынша қандай да бір дәрежеде қайталанатын қозғалыстар немесе процестер.
Тербелмелі жүйе Әлсіз өшетін меншікті тербелістер жасауға қабілетті жүйе. Тербелмелі қозғалыс Уақыт бойынша қандай да бір қайталаушылығымен сипатталатын қозғалыс.
Тербелмелі контур Тізбектей жалғанған конденсаторлардан, индуктивтілік катушкадан және резистордан тұратын электр тізбегі.
Тербелмелі спектр Молекулалардағы атомдардың тербелісімен шартталған молекулалық спектр.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Кристалдық тордың тербелісі Құрайтын бөлшектері тепе-тендік жағдайдың маңайында тербелетін қатты дененің ішкі қозғалысының негізгі түрлерінің бірі.
Релаксациялық тербеліс Релаксациялық тербеліс –– диссипативты күштер маңызды роль атқаратын жүйеде пайда болатын автотербелістер.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
Үздікті тербеліс Үздікті тербеліс –– тербелмелі жүйе күйінің салыстырмалы баяу өзгерісі секірме тәріздеспен кезектесетін тербеліс.
Еркін тербелістер Еркін тербелістер - тұрақты тепе-теңдік күйден жүйенің бастапқы ауытқуына ғана әкелетін сыртқы әсерлесу кезіндегі жүйеде пайда болатын тербелістер.
Тербеліс синхронизациясы Тербеліс синхронизациясы - жиіліктері тең, еселік немесе бір-бірімен ықшамды қатыста болатын екі немесе бірнеше жүйелердің тербеліс ретін тағайындау және колдау.
Тербелмелі кванттық сан Осциллятор энергиясын анықтайтын кванттық сан.
Дереккөздер
Санат:Тербеліс