Шейх Ахмет Түркістани, шейх Ахмет бин Пір Ахмет Түркістани (15—16 г.) — хаттат. Сауатын Түркістан медреселерінің бірінен ашып, Самарқандта оқуын жалғастырған. Одан кейін Гератта білім алған. 1508 ж. Hyp ад-Дин Абд ар-Рахман бин Ахмед Джамшидің (1414-1492) "Шауаһид ан-Нубууа ли-тақуйат йақин аһл әлфутуууа"—"Зиялы кісілердің (діни) сенімін (нанымын) нығайтудағы (Мухаммед) пайғамбардың елшілік миссиясының куәлігі" атты шығармасын көшірген. Өзгеріске ұшырамай, сол күйінше жеткен бүл туынды қазір Ташкенттің Қолжазба институтының қорында сақтаулы.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шейх Ахмет Түркістани · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.