Сәуле Ілиясқызы Адамбекова (6.2.1959 жылы туған, Талғар қаласы) - ғалым, педагогика ғылымдарының докторы (2002).

1976 ж. Алматы қаласындағы № 119 мектепті бітірді. 1980 ж. Қазақтың дене тәрбиесі институтын бітірді. 1980-1983, 1991-1997 ж. Алматы қаласындағы № 1 республикалық олимпиада резервтерін дайындайтын училище комсомол комитетінің хатшысы № 3 училище директорының орынбасары 1983-1991 ж. республикалық Оқушылар сарайында аға әдіскер 1997-2000 ж. Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында зертхана меңгерушісі болды. 2001 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында зертхана жетекшісі қызметінде.

Бірқатар халықаралық конференциялар мен конгрестерге қатысып, дене тәрбиесі маңызы жөнінде баяндамалар жасады. 70-тен аса ғылыми-методикалық еңбектің авторы.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:6 ақпанда туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Талғарда туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары