Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған госпиталь — бұрынғы КСРО денсаулық сақтау министрлігіндегі әскер мен партизандық отрядтар құрамында болып жарақаттанған және еңбекке жарамсыз деп танылған мүгедектер үшін арнайы мамандандырылған емдеу мекемесі. КСРО ХКК жарлығымен 29.08.1945 жылы құрылды. Дара салалы (терапевт, ортопед, туберкулездік және т.б.) және түрлі салалы (аралас), ал бағыныштылығына байланысты облыстық, өлкелік және республикалық болып жіктелген.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс Санат:Медицинаның клиникалық бөлімдері