Черкасск — Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл, Черкасск ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Сарқан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде, Лепсі өзенінің жағалауында, бетеге, боз, селеу, қылқанбоз басым өскен тауалдының қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты құрғақ даласында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1100967 738 76,3 496 376 75,8 471 362 76,9
Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланды. 1954-97 жылдары қой өсіретін "Черкасская оборона" ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде Черкасскде және округке қарасты Қарғалы, Аққайың, Ақтұма, Ешкіөлмес, Теректі ауылдарында өндірістік кооператив және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы 2 орта, 2 бастауыш мектеп, 2 клуб, кітапхана, 3 фельдшерлік-акушерлік, 2 дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобилдік жолы арқылы қатынасады. Черкасск ауданында Черкасск қорғанысы мемориалы, Черкасск қорғанысының музейі бар.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Сарқан ауданы елді мекендері