СКИФ-Ордабасы футбол клубы — Шымкентте 1992 жылы құрылған футбол клубы. 1996 жылы клуб жабылып қалған.
Тарихы Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 5 сезонды жоғарғы дивизионда өткізді.
1995 жылы Қазақстан кубогының финалына шықты да, осы жетістігінен соң 1996 жылы Азия кубок иелері кубогына қатысты. Бұл турнирде Түрікменстанның "Тұран", Қырғызстанның "Металлург" клубтарын қапы қалдырып, үшінші раундқа дейін барды. Үшінші раундта Иранның "Эстегляль" клубынан аса алмады.
1996 жылы тамызда клуб басшысы Мардан Сапарбаев қысмыскерлер қолынан оққа ұшып қайтыс болды да, клуб сол жылы жабылып қалды.
Клуб атаулары «СКИФ-Арсенал» (1992) «СКИФ-Ордабасы» (1993-1996)
Жетістіктері Қазақстанның күміс жүлдегері (1): 1992
Қазақстан Кубогының финалисті (1): 1995
Атақты футболшылары
Қанат Бектілеуұлы Мұсатаев Александр Степанович Шмариков Сергей Владимирович Когай Ұлықбек Пахритдинұлы Асанбаев Олег Игоревич Воскобойников Марат Жалғасұлы Есмұратов
Сілтемелер
http://footballfacts.ru/clubs/40289-arsenalskif-chimkent
Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:Шымкент футбол клубтары Санат:СКИФ-Ордабасы ФК Санат:1996 жылы жабылған футбол клубтары Санат:Шымкент спорт клубтары