Ханзия Жaлғасбаевa (1927 жылы туған, Маңғыстау ауданы Қаратөбе ауылы) – педагог, Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің озаты (1972). Орал педагогика институтын бітірген (1961). 1945 жылы Маңғыстау ауданында штат жөніндегі инспектор, 1947 – 92 жылы Үштаған, Шахта, Ортаеспе, Ленин, мектептерінде мұғалім болды. «Ерен еңбегі үшін» (1981) медалімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер

Санат:Тұлғалар