thumb Су асты ядролық жарылысы (Подводный ядерный взрыв) — су астында белгіші бір тереңдікте өткізілген ядролық зарядтың жарылысы. Жарылыс кезінде булы-газды көпіршіктер түзілуіне әкелетін жоғары температура мен қысым аумағы құралады. Оның тез кеңеюі нәтижесінде ауадағы соққы толқыны жылдамдығынан 4-5 есе артық жылдамдықпен таралатын өте қуатты су асты соққы толқыны туындайды. Су асты соққы толқынының су беті айдынынан қайтарылуы жарылыс эпицентрі үстінде биіктігі бірнеше жүз метрге жететін су күмбезінің пайда болуына әкеледі. Булы-газды көпіршектердің су бетіне шығуына байланысты күмбез будақтаған радиоактивті конденсациялық бұлт тудыратын су бағанасына айналады. Су бағанасы жарылыс сұлтаны деп аталады. Оның су бетінен көтерілу биіктігі 1-2 км-гe жетіп, одан да асуы, ал негізгі диаметрі бірнеше жүз метрге жетуі мүмкін. Жарылыс сұлтаны қираған кезде оның негізінде базистік толқын деп аталатын су тамшылары мен шашырындыларынан тұратын радиоактивті бұлт құралады. Бұл бұлт радиус бойынша гарамдала отырып, біраз уақыттан кейін су бетінен жоғарыға көтеріледі де, жарылыс сұлтанының конденсациялық бұлтымен қосылып, радиоактивті жаңбыр жауатын шоғырлы-қабатты бұлт түріне айналады. Газдық көпіршіктің радиан бойынша кеңеюі және жарылыс сұлтанының қирауы эпицентрден алыстағанда гравитациалық толқынға айналатын, құрт қиратылған қапталды, шеңберлі су толқындарының құралуына өкеледі. Жарылыс сұлтанының қирауы және жарылыс ауданындағы су тербелісі нәтижесінде су бетінде кезекті гравитациялық толқындар пайда болады. Бірінші гравитациялық толқынның биіктігі 20-30 м-ге, кейінгілерінікі — 3-5 м-ге жетіп, одан да асуы мүмкін. Гравитациялық толқындар ондаған километр қашықтыққа таралады. Су асты соққы толқынының, одан соң газдық копіршектің сыртқа шығуы ауада, өуедегі ядролық жарылыс кезіндегіден аз қарқынды, соққы толқындар қабаттарын туындатады. Су асты соққы толқыны су түбімен жанаса отырып, суда қайтарылған соққы толқынын және су түбі топырағында жарылыс сейсмикалық толқындар (бойлай, көлденең, беттік) сернясын тудырады. Соңғылар өз кезегінде суда сейсмикалық сипатты толқындарды (басқы, бүйірлік. түптік) шығаруы мүмкін. Су асты жарылысы кезінде су түбіне жақыл жерде немесе таяз су түбі топырағында шұнқыр пайда болады. Бұл жағдайда радиоактивті су түбі топырағының көп мөлшері ауаға қосымша таралады. thumb Су асты ядролық жарылысы кезінде кемелерді, гидротехникалық құрылыстар мен айлақтарды және басқа да жағалаулық объектілерді жою суасты соққы толқыны, ауа толқыны, жарылыс сұлтаны, базистік толқын, беттік су толқыны, гравитациялық және сейсмикалық толқындар көмегімен өтеді. Адамдардың радиациялық зақымдануына жарылыс сұлтанының (гамма сөулелену) және базистік толқын бұлттарынан сәулелену әсері себеп болады. Су асты ядролық жарылысы атмосфераның және радиоактивті жауын-шашын аймағына түскен кемелердің, жағалау учаскелерінің және жағалаулық объектілердің өте қатты радиоактивті зақымдануына әкеледі. Зақымдану көздері негізінде жаңбыр және қатты аэрозольдық бөлшектер түрінде жауатын бәлшектену заттары болып келеді. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс Санат:Ядролық қару