Красная Поляна — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Красная поляна ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Нұра өзенiнiң бойында, аудан орталығы Ақсу-Аюлының солтүстік-батысында 69 км-дей жерде орналасқан.

Тарихы, шаруашылығы Іргесі 1956 жылы қаланған. Округ аумағында өткен ғасырдың 30-50 жылдары «Карлаг» бөлімшелері орналасқан. 56-90 жылдары Красная Поляна кеңшарының және ауылдық кеңестің орталығы болды. Шаруашылықтың негізгі бағыттары – асыл тұқымды мүйiздi iрi қара төлдерiн өсiру, қосымша саласы көкөнiс, картоп өсiру. Жерiнiң жалпы ауданы 350 мың га.

Инфрақұрылымы Округтiң елдi мекендерiнде (Бекет, Деріпсал, Қарамұрын, Байқара, Сұлу-Мәдине ауылдары) 3 мектеп, УДА, мәдениет үйі, кiтапхана, пошта бар. Кеңшар негiзiнде 5 ЖШС-і, 29 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қарамұрын т.ж. станциясы 2 км жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен786622 578 92,9 301 279 92,7 321 299 93,1

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы елді мекендері