Радиацияның жиынтық дозасы — радиоактивтік заттармен зақымданған жерде болған адамның сол уақыт ішінде алған сәулелену мөлшері. Ол рентгенмен (Р) өлшенеді. Ол жергілікті жердің радиоактивтік зақымдану деңгейімен және адамның сол жерде болған уақытының мөлшерімен немесе организм ішіне түскен радиоактивтік заттар мөлшершен анықталады.
Радиацияның жиынтық дозасы шамасы ядролық жарылыс қуатына, жарылыс орталығынан қашықтыққа және жарылыс түріне байланысты.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс