Мағжан Жұмабаев ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 7,8 мың км².Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 1997 жылы Возвышен ауданымен бiрiккен. 2000 жылы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып қайта аталды. Орталығы – Булаев қаласы (1893 жылы құрылған), 1969 жылы қала мәртебесін алды. Булаевтан облыс орталығына дейiнгi қашықтық 106 км.
Географиялық орны мен жер бедері Аудан солтүстiгiнде және шығысында Ресей Федерациясының Омбы және Түмен облыстарымен, батысында - Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың және Қызылжар, оңтүстiгiнде - Тайынша және Ақжар аудандарымен шектесiп жатыр. Солтүстік бөлігі - орманды дала, оңтүстігінде шағын көл қазаншұңқырлары кездеседі.
Климаты, топырағы және өсімдіктері мен жануарлар дүниесі Климаты тым континеттік, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -18-19°С, шілдеде 18-19°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-350 мм. Топырағы карбонатты қара топырақты, шалғынды-қара топырақты, орманды және сортаң топырақ. Ауданның өсімдік жамылғысы бетеге, боз, селеу, сәбізшөп, бидайық, жусан, т.б. құрайды. Орманды дала белдемінде қайың, терек, сібір үйеңкісі басым. Бұталардан итмұрын, шие, шаттауық, тал, т.б. өседі. Сирек өсімдіктеріне ашық құндызшөп, сарғыш құндызшөп, шүйіншөп, альпі астрасы, шайқурай, бетеге, шолпанкебіс жатады. Жануарлардан бұлан, елік, қасқыр, түлкі, күзен, борсық, қоян, ондатр, т.б. мекендейді. Құстардан қаз, үйрек, аққу; жыртқыш құстардан - қаршыға, т.б. кездеседі. Су айдындарында шабақ, мөңке, алабұға мол.
Су торабы Шағын көлдер бар. Ірілері: Келтесор, Майбалық және Қамыстысай өзені аңғарында Половинное, Соленое, Қамысты, Медвежье, Баранье. Бұл көлдердің басым бөлігінің суы ащы және тұзды келген.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 45494 46568 51475 45105 40839 49679 36924 28505 Тұрғындары 29 924 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (57,47%), қазақтар (28,54%), немістер (5,00%), украиндар (4,16%), татарлар (1,38%), поляктар (1,54%), беларустар (0,84%), поляктар (0,48%), литвалықтар (0,16%), шешендер (0,15%), чуваштар (0,14%), басқа ұлт өкілдері (1,06%).
Әкімшілік бөлінісі 57 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 17 ауылдық округке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2009) Авангард ауылдық округі Полтавка ауылы 3 1277 Аққайың ауылдық округі Октябрьское ауылы 5 1432 Алтын дән ауылдық округі Советское ауылы 2 2652 Бастомар ауылдық округі Бастомар ауылы 3 1540 Бәйтерек ауылдық округі Бәйтерек ауылы 4 1422 Булаев қалалық әкімдігі Булаев қаласы 2 9086 Возвышен ауылдық округі Возвышенка ауылы 3 3184 Конюхов ауылдық округі Конюхово ауылы 2 770 Қарақоға ауылдық округі Қарақоға ауылы 3 2501 Лебяжі ауылдық округі Лебяжье ауылы 2 979 Мағжан ауылдық округі Жастар ауылы 2 660 Молодогвардейск ауылдық округі Молодогвардейское ауылы 2 1521 Ноғайбай би ауылдық округі Надёжка ауылы 6 2719 Полудин ауылдық округі Полудино ауылы 3 1908 Таман ауылдық округі Таман ауылы 3 1376 Успен ауылдық округі Успенка ауылы 4 957 Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылы 3 960 Чистов ауылдық округі Чистовское ауылы 5 1971
Аудан экономикасы Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 313 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 25 - орта, 286 - шағын кәсiпорындар. Олардан 176 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 133 - жеке меншiк, 4 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. 2009 жылдың қорытындысы бойынша: Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 10,5%-ы (25 101,6 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 570,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,8%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 102,8% құрайды. Бөлшек тауар айналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 255,9 млн.теңге сомасын құрайды. Тауар айналымның физикалық көлемiнiң индексi 52,5% кұрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 6 146,9 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 37,3% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 558,5 млн.теңге құрады. Пайдалануға 8,5 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 24,4 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 18,2% өсiп, 38 250 теңгенi құрады. Нақты жалақы 10,5% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 963 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 10 952 теңге құрады. Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 637,2 мың га, жайылым мен шабындық 176,8 мың га.
Аудан арқылы Сібір темір жолы Мәскеу-Владивосток темір жолы, сондай-ақ Петропавл-Омбы-Новосібір автомобиль жолы, Булаев-Молодогвардейский, Қарақоға-Конюхов автомобиль жолдары өтеді.
Дереккөздер
Санат:Мағжан Жұмабаев ауданы