Ату сызбасы (Схема огня) - артиллерия, танк, атыс қаруы және тағы басқа атыс құралдарының атыс міндеттері картада немесе қағазда шартты белгілермен көрсетілген графикалық жауынгерлік құжат. Картага берілген түсінік сөздерде нысаналардың координаттары, олардың нөмірлері мен атаулары көрсетілуі мүмкін. Егер Ату сызбасы қағаз бетінде орындалса, онда оған координаттық тор жүргізіледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс