Газсыздандырушы, дезактивациялаушы, дезинфекциялаушы заттар () — жерді, аумақты, ғимараттарды, техниканы, киімдерді зарарсыздандыруға арналған заттар. Радиоактивті заттармен зақымдану кезінде — дезактивация, улағыш заттардын тамшы-сұйығына — газсыздандыру, ауру туғызатын микробтар мен уларға — дезинфекция, ауру микробтарын тарататын насекомдар мен кенелер, жәндіктерге — дезинсекция жасалады. Бұл жұмыстардың барлығы заттарды, ерітінділерді көп жұмсауды, ұзақ уакытты талап етеді. Сондықтан бұл жұмыстар АҚ күштері мен құралдары әрекет ететін жерлерде кажет болған жағдайда ғана бірінші кезекте жүргізіледі. Жерді, техниканы, ғимараттарды зарасыздандырған кезде сілтілі, кышкылды-хлорлы сипаттағы өндіріс калдықтарының өнімдері, сондай-ақ әр түрлі үстіңгі беттерді дезактивациялау үшін пайдаланылатын құрамында беттік-активті зат бар қалдықтар пайдаланылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс